«Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, «Астана LRT» компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов елордалық қоғамдық көліктерді жүргізетін әйелдерді құттықтады. Ұжымда асқан тәжірибелі 9 әйел-жүргізуші бар. Олардың мінсіз жұмысына бірде-бір шағым түспеген», - деп жазды ұйымның баспасөз қызметі Facebook парақшасында.
Бекмырза Игенбердинов те жүргізушілердің жұмысын мақтады.
«Олар автобусты өте мұқият жүргізеді, қырағы және ең бастысы - сыпайы. Осындай қиындығы мол қызметте оларға бақыт пен сәттілік тілеймін», - деді компания басшысы.