Автобус жүргізушілері алтын әшекейлерді Үрімжіден Қазақстанға жасырын өткізбек болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Қытай шекарасында орналасқан «Майқапшағай» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы «Үрімжі - Семей» бағытында кетіп бара жатқан автобустың екі жүргізушісін ұстады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шекаралық бақылау кезінде көліктің алдыңғы қанатының астынан салмағы 670 келі 800 гр болатын қосалқы бөлшектер, 2 келіден асатын зергерлік заттар: 823 дана сырға, 29 дана  - жүзік, 20 дана - алқа табылды. 

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Контрабандалық заттар «Майқапшағай» кеден бекетінің қоймасына тапсырылды.