ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шекаралық бақылау кезінде көліктің алдыңғы қанатының астынан салмағы 670 келі 800 гр болатын қосалқы бөлшектер, 2 келіден асатын зергерлік заттар: 823 дана сырға, 29 дана - жүзік, 20 дана - алқа табылды.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Контрабандалық заттар «Майқапшағай» кеден бекетінің қоймасына тапсырылды.