«Қазіргі уақытта 466 мыңнан астам адам жолаушылар көлігін жүргізу құқығына («D» санатындағы жүргізуші куәлігі) ие екенін, бұл ретте елде тіркелген автобустардың саны 62,5 мың бірлікті құрайтынын атап өту қажет. Осылайша, осы санаттағы жүргізушілердің жетіспеуінің проблемалық мәселелері жоқ. Өз кезегінде, халыққа қызмет көрсету деңгейін және жүргізуші құрамының сапасын арттыру үшін Ішкі істер министрлігі тарапынан кәсіпкерлерге қажет болған жағдайда жүргізушілердің жұмыс режиміне, олардың еңбек жағдайларына, жалақы деңгейін арттыруға және т.б. қатысты мәселелерді қайта қарау ұсынылады», - деп атап өтеді бірінші вице-премьер жауабында.
Сонымен қатар Роман Скляр жолдардағы өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен жеделдігі ықпал ететіндігін атап өтеді.
«Осы мақсатта Төтенше жағдайлар министрлігінің 40 трассалық медициналық құтқару пункті жұмыс істейді. 28 аудандық ауруханада көлік құралдарының үлкен ағыны бар автомагистральдарда орналасқан ауданаралық травматологиялық бөлімшелер ұйымдастырылған»,- деді ол.