Автобус жүргізушілері медициналық тексерістен автоматтандырылған жүйе арқылы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқарудың алдын алады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді. 

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Жүргізушілерге арналған кешенді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізумен айналысатын ұйым ұсынады.

Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен сатып алынған автоматтандырылған жүйе Павлодар қаласындағы №1 автобус паркінде жұмыс істеп тұр.