Автобус жылқымен соқтығысып, 20 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кубаның Вилья-Клара провинциясында жолаушылар автобусы кенеттен жолға шыға келген жылқымен соқтығысып, кем дегенде 20 адам жарақаттанды. Бұл туралы Prensa Latina агенттігі хабарлады.

Зардап шеккендердің арасындағы екеуі – бала. Полицияоқиға орнында апат салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ресми мәліметке қарағанда, аралда күн сайын шамамен 31жол-көлік оқиғасы болады. Ал апаттың басым бөлігі жүргізушілердің салғырттығынан,жылдамдықты шектен тыс асыруынан, жолдың нашарлығынан, сондай-ақ техниканыңескіруінен орын алады.

Куба жолдарында жүйткіп жүрген машиналардың көпшілігікөне, 50 жылдан асқан.