Бұл факті бойынша облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
«Қостанай қаласы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасау туралы арызы бойынша полицейлер 26 жастағы ер адамды ұстады. Ол мас күйінде 11 жасар қызға тиіскен», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.