«Ол сотқа шағымданды. Процесс күні әлі белгіленген жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізілді. Бізде видео бар. Онда әйелдің немересін отырғызғаны көрініп тұр. Автобус қозғалғанда ол тұтқадан ұстамағандықтан құлап кеткен. Жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Өйткені қалай десек те денсаулыққа ауыр зақым келіп отыр. Қазіргі уақытта ол жұмыс істемейді. Оның кінәлі не кінәлі есестігін сот шешеді», - деді ол.
Оның айтуынша, әйелге сәтті ота жасалған және қазіргі уақытта оңалту курсынан өтуде. Сонымен қатар, ол бүгін автобус паркіндегі жүргізушілерге нұсқаулық өткізуге арналған шараға келген.