Компания директоры Бауыржан Кулишев № 48 автобус жүргізушісі жұмыстан қуылатынын айтты.
«Бізде автобус маршруттары арасында жанжал жиі болады. Олар көбіне интервалды бұзады, жолаушыларды көбіне көбірек салып алуға тырысады, бір-бірімен жарысады. Жүргізушілер маршрутқа секундомермен шығады. Оларда өзара интервал бар. Оны біреулер бұзған жағдайда осындай төбелес шығады. №45 автобус жүргізушісі мен кондукторы жұмыстан қуылады» -, деді Б.Кулишев.
Айта кету керек, Алматыда №48 және №16 автобус жүргізушілері ерегісіп қалды. Төбелестің видеосы eap_kz паблигінде жарияланған.
Жолаушылардың айтуынша, екі көлік Төле би көшесімен шығысқа қарай жарысып келе жатқан.
«Жол бойында автобустардың жүргізушілері ұрсысып келе жатты. Жұмалиев көшесіндегі аялдамаға келгенде қатты айғайласты, жаман сөз айтты. Сосын Байтұрсынов көшесіне келгенде №48 автобустан жүргізуші мен кондуктор түсе кетіп, №16 автобустың салонына кірді. Төбелес басталып кетті», - деді жолаушы Әсел Дүйсенбаева.
Оның айтуынша, жолаушылар жүргізушіні 10 минут күтуге мәжбүр болды.