Автобустағы орынға таласқан екі павлодарлық 19 мың айып төледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ертіс аудандық сотында атвобустың алдыңғы орнына таласып, жанжалдасып қалған азаматтарға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қос азамат «Газель» маркалы автокөлігінің алдынғы орнына таласып, ұрыс шығарған. Бұл аздай, біріне балағат сөздер айтқан. - Сот шешімімен ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша азаматтардың әрқайсысына 10 АЕК, яғни 19 820 теңге көлемінде айыппұл салынды. Екі адамға қатысты соттың қаулысы заңды күшіне енді.