Автобустағы шенеуніктер әлеуметтік желіде танымал болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тағы бір шенеунік автобус қызметін пайдаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның автобуста түскен суретін журналист Игорь Мосунов әлеуметтік желіге орналастырды.

Бұған дейін Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов өзінің Facеbook-тегі парақшасында №25 бағыттағы автобустың кондукторымен түскен суретін жариялаған еді.  

Айта кетейік, Астана әкімі Әсет Исекешев елорда әкімдігінде болған мәжілістердің бірінде қала басшыларына қоғамдық көлікпен жүруді тапсырған болатын. «Елорда басшылары, қала әкімінен бастап, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, ұйымдар мен мекемелердің жетекшілері күніне ең құрығанда бір рет қоғамдық көлікпен жүрулері керек», - деді қала басшысы.

ФОТО Facebook-тен алынды.