ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ертіс полиция бөліміне қаланың 47 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол өзін әңгімеге тартқан бейтаныс адамның несиеге көлік алу үшін құжат жасап беруге көмектесетіндігін айтып, 2 650 000 теңгесін алғанын жеткізді. Алайда сол уақыттан бері алаяқ хабар-ошарсыз кеткен.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қысқа мерзімде ұстады. Ол Риддер қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті қолхатпен босатылған», - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.