«Атап айтқанда, автокөліктермен жолдарда 8-10 тоннадан асатын жүктерді тасымалдауға шектеу қойылған. Ал бүгінде жүк тасымалында 20-25 тонна жүкті тасымалдауға қауқарлы көліктер бар»,-деді «Маринчук» көлік кәсіпорнының басшысы Сергей Маринчук.
Оның сөзіне қарағанда, көліктердің аталған санаты бұл қаулы аясында ескерілмей отыр, енді осы автокөліктермен жүк тасымалдаушылар заңнамадан тыс қалуда.
«Аталған көліктермен жүк тасымалдайтын компаниялардың жұмысынсыз кез келген қалаға қиынға түседі. Себебі, құрылыс жұмыстарында осы қызметтің түрі өте қажет. Бұл мәселені заңнамалық түрде шешу керек, өйткені бұл құрылыс жұмыстарын тежейтін болады. Бұл санатқа жататын көліктерді ерекше категория деп атауға болады. Олар жүк тасымалын жергілікті жерлерде, яғни қала маңындағы 40-50 шақырым аралығында тасымалды жүзеге асырады. Сондықтан да бізге 1000-1500 шақырымға созылатын жолдарда тасымал жасау керек емес. Өйткені, біздің тасымалдар 50 шақырым қашықтықтан аспайды»,-дейді ол.
С. Маринчутің айтуынша, бұл көліктер негізінен құрылысқа қажетті құм, бетон секілді заттарды жеткізумен айналысады.
«Бұл саладағы әрқайсымызға қаулыға сәйкес 3 білікті автокөлікпен 8 тонна ғана жүк тасымалдау туралы ұйғарым тапсырылды. Ал осы көліктердің жүк көтеру қуаты 25 тоннаға сәйкес келеді. Осы көліктерді біз табыс жасайды деп алған болатынбыз»,-деп атап өтті ол.
Оның пайымдауынша, бұл мәселені шешу үшін жүк көтерімділігі жоғары жолдар салып, ірі көлемді көліктермен ауыр жүк тасуға рұқсат етілуі керек. Себебі, аталған шектеу аясында еліміздегі барлық ауыр жүк тасымалындағы көліктер заңсыз жүрген болып табылады.
Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Қазақстандағы жолдардың құрылысы ауыр салмақтағы автокөліктер жүре алатындай стандарттарға сәйкес болуы тиіс екенін атап өтті.