деп хабарлайды Regnum сайты.
Американдық ритейлерлер жылына 360 мың тоннаға дейін қарбызды есептен шығарады екен. Ғалымдардың есептеуінше, бұл қарбыз жыл сайын 9 миллион литр отын өндірісіне жетіп артылады.
Ауыл шаруашылығы департаментінің қызметкерлері бұл жерде тек бракка шығарылған -«косметикалық кемшіліктері бар» қарбыздарды есептеп отыр. Орта есеппен әрбір бесінші қарбыз сыртқы көрінісінің ұсқынсыздығынан сатылмай қалады екен. Сондай «ұсқынсыздардың» жартысына жуығын этанол сияқты бағалы отынға айналдыруға болады, дейді ғалымдар.