Қызылорда облыстық жол полициясы басқармасына түскен дабылда 30 жасар қала тұрғыны өз үйінің ауласы алдында тұрған көлігін белгісіз біреудің мініп кеткенін айтқан. Сол дабыл бойынша іздеуге шыққан сақшылар арасында жол полициясы жеке батальоны бірінші взводының аға инспекторы Мұрат Асаубаев бірінші болып ұрланған мәшиенені байқап қалады. Бірақ оның рулінде отырған адам ешқандай ескертуге құлақ аспай, жылдамдығын арттыра түседі. Ақырында қуғын басталып, біраз уақыттан кейін сақшылардан құтылмайтынын сезген ұры көлікті тоқтатуға мәжбүр болған.
Қазір осы оқиға бойынша іс қозғалды.