АСТАНА. KAZINFORM – Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылы Қытайдың автомобиль экспорты тұңғыш рет Жапонияны басып озып, әлемде бірінші орынға шықты. Бұл туралы Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы мәлім етті.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, 31 қаңтарда Жапонияның автомобиль өндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты туралы деректерді жариялаған.
Атап айтқанда, 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.
«Бұған дейін Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері Қытайдың автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытайдың автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді», - деп жазады «Жэньминь жибао».
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан