— Саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеуеті мен білікті кадрларға тікелей байланысты. Осы мақсатта кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салып жатыр. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуалды оқыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатыр, — деді ол.
Министрдің сөзінше, сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау тетіктері де қарастырылған.
— Өңірлерге мамандарды тарту үшін еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау көрсету аясында, корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынып, жұмысшы мамандықтарына «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Сондай-ақ, кәсіпорындар қызметкерлерге арналған медициналық сақтандыру, тамақтандыру, көлікпен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуде, — деді ол.
Сонымен бірге Ерсайын Нағаспаев қазір салада 10 мыңнан астам адам жұмыс істейтінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін елде қандай автокөлік бөлшектері өндірілетінін жазғанбыз.