Автокран жүргізушісі Лидадағы кәсіпорындардың біріне келген. Ол жолдың шетіне көлігін қойып, 10 минутқа тастап кетеді. Қайта келгенде техникасын орнынан таба алмай қалған.
«Қолда бар ақпарат бойынша автокран өздігінен жылжып кетіп, жолдың оң қапталында тұрған 6 автомобильді соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, ол жолдың қарсы бетіне ұшып кетіп, көлік қоятын орындағы бірнеше машинаны қиратқан»,- дейді МАИ қызметкерлері.
Жалпы саны 12 көлік құралы зақымданды. Абырой болғанда, басқарусыз жүріп кеткен машинаның жолында адамдар болмаған. Оқыс оқиғаға байанысты тексеру жүріп жатыр.