Автолизингтің автонесиеден несі артық — Комитет төрағасының жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында автолизинг қазақстандықтарға несімен тиімді болатынын айтты.
— Автолизингтің автонесиеден бірінші айырмашылығы — мүлік лизинг алушыда емес, берушінің меншігінде қалады. Алынған лизинг сомасы толық өтелгенше көлік лизинг компанияның меншігінде болады. Лизинг алушы астындағы көлікті кез келген уақытта компанияға барып ауыстыруға мүмкіндігі бар. Екінші артықшылығы — лизинг мәліметтерінің несие тарихына ықпалы аз болады. Лизингтен өткен адамның келісімшарты несие тарихында ескерілмейді, - деді Азамат Панбаев.
«ForteLeasing» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Саят Үрпежанов кеше автолизинг бойынша бірінші пилоттық жоба өткенін айтты.
— Бұл жобаны біз Allur Group компаниясымен серіктестік аясында жасадық. Біздің негізгі шарттарымызды заңды тұлғаларға берілетін лизинг шарттарымен бірлестіріп жасадық. 10 пайыз бастапқы жарнасымен, 15 пайызбен үш жылға берілді. Бұл заңды тұлғаларға берілетін лизинг шартымен бірдей. Біз халықаралық тәжірибені қарадық. Оларда жарнасыз да автолизинг беріледі және пайыз мөлшерлемелері де төмендеу. Әрі қарай жетілдіреміз. Қазірдің өзінде бірқатар ұсыныс түсті. Оның бәрін Үкіметпен, қауымдастықпен бірге пысықтайды, — деді лизинг компаниясының өкілі.
Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік лизингіге берілетінін айтылған еді.