Аталмыш шараға 5 мектеп өкілдері қатысты. Шара мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының базасында өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде конкурсқа қатысушылар компьютерлік тестілеу бойынша 40 сауалға жауап бере отырып, жол ережесін қаншалықты жетік меңгергендіктерін көрсетті. Одан соң автодромда тәжірибелік сынақтан өтті. Үміткерлер онда биікке қалай көтерілу керек, көшелердың қиылысында қалай бұрылу керек, қандай жағдай да қандай шешім дұрыс болады деген мағынада білгендерімен бөлісті.
Конкурсты 18 жасар Асқат Жұманов жеңіп алды. Оның ұпай саны өзгелерден жоғары болды және көлік басқаруды да ол өзгелерден шебер меңгерген болып шықты. Оған арнайы мақтау қағазы табыс етілді. Жыл басынан бері облыстық халыққа арнайы қызмет көрсету мекемесінің базасында 8 мың 82 емтихан өтіп, 5 мың 326 жүргізуші куәлігі табыс етілді.