Бұған дейін хабарланғандай, өткен аптада 700-ден астам дәрігерлер мен медбикелер және басқа да медицина қызметкерлері Британия медицина журналына (British Medical Journal) депуттарды қолдау көрсетуге шақыратын хат жолдады.
«Барлық темекі шегуші адамдар автомобильде темекі шеге отырып айналасындағыларға, оның ішінде балалардың денсаулығына зиян келтіріп отырғандарын біле ме? Меніңше, олар жетік біле қоймайды немесе өз балаларының денсаулығына немқұрайлы қарайды», - деп айтып өтті Борис Джонсон.