Автомобиль есігінің әйнегі қысып қалған бала буынып өлді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ставропольде автомобильде қаза тапқан баланың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқыс оқиға үйдің маңында автомобиль тұрған жерде орын алған, деп хабарлады piter.tv.

Алты жасар бала көлікке мініп, жүргізуші есігінің терезесінен басын шығарған. Ол әйнекті түсіретін тетікті жазатайым басып қалған. Мойны қысылып қалған бүлдіршін тұншыққан. «Бала механикалық асфиксия салдарынан көз жұмды», - деп хабарлады РФ Тергеу комитетінде. Бала әкесін абайсыздан адам өлтірді деп айыптап отыр.