Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидалары бекітілді

АСТАНА. 25 қаңтар. қазАқпарат - 2013 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы

Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті (Е.Е. Джұмашев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы С.САРСЕНОВ.

«Келісілді» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова 2013 жылғы 6 қараша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілді

Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары мына жерде .