АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға автонесие бергенде, борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есепке алмауды ұсынды. Бұл туралы Үкіметте отырысынан кейінгі брифингте сала министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
— Бұл — біздің маңызды ұсынысымыз әрі біз оны қолдаймыз. Ал қазіргі тәртіп жыл соңына дейін күшінде болады. Дегенмен, біз Үкіметке аталған ұсынысты енгіздік. Бұл бастаманы Ұлттық банк те қолдайды деп үміттенеміз, — деді министр.
Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған өзгеріске сәйкес, автонесие рәсімдеу кезінде борыштық жүктеме коэффициенті есепке алынбайды. Ал салықтық міндеттемелер бұрынғыдай сақталады.
Еске салайық, бұған дейін елімізде автонесиеге сұраныс 11 пайызға азайғанын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.