Қостанайда ауа райына байланысты екі рейс ұшпай қалды, екеуі кейінге ауысты
FlyArystan әуе компаниясы Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейсті кейінге қалдырды, деп хабарлайды Kazinform.
Қостанай қаласында кеше күн бұзылып, толассыз қар жауды. Аэродромдағы қарды күреу үшін ұшу-қону жолағы мен терминал жабылады.
Осыған байланысты бейсенбіге белгіленген мына рейстер ұшпады:
КС7341 Астана — Қостанай
KC7342 Қостанай — Астана
Ал келесі екі рейс кейінге шегерілген:
КС7141 Алматы-Қостанай. Ол 1 желтоқсан күні сағат 10:00–де ұшады.
КС7142 Қостанай-Алматы. Бұл рейс 1 желтоқсан күні сағат 12:55–ке жоспарланған.
Аталған рейс жолаушыларына ыстық тамақ беріліп, қонақ үйде орналасу мүмкіндігі ұсынылған.
Сондай-ақ, ұшпайтын рейстердің жолаушылары билетті тегін қайта брондап немесе толық құнын қайтара алады.
«Жолаушыларға FlyArystan қосымшасында және ұйымның ресми сайтындағы лайв чат, 8 702 702 02 27 нөміріндегі WhatsApp мессенжері және 8 727 331-10-10 байланыс орталығы арқылы қолдау көрсетіледі» дейді компаниядан.