Қостанай қаласында кеше күн бұзылып, толассыз қар жауды. Аэродромдағы қарды күреу үшін ұшу-қону жолағы мен терминал жабылады.
Осыған байланысты бейсенбіге белгіленген мына рейстер ұшпады:
КС7341 Астана — Қостанай
KC7342 Қостанай — Астана
Ал келесі екі рейс кейінге шегерілген:
КС7141 Алматы-Қостанай. Ол 1 желтоқсан күні сағат 10:00–де ұшады.
КС7142 Қостанай-Алматы. Бұл рейс 1 желтоқсан күні сағат 12:55–ке жоспарланған.
Аталған рейс жолаушыларына ыстық тамақ беріліп, қонақ үйде орналасу мүмкіндігі ұсынылған.
Сондай-ақ, ұшпайтын рейстердің жолаушылары билетті тегін қайта брондап немесе толық құнын қайтара алады.
«Жолаушыларға FlyArystan қосымшасында және ұйымның ресми сайтындағы лайв чат, 8 702 702 02 27 нөміріндегі WhatsApp мессенжері және 8 727 331-10-10 байланыс орталығы арқылы қолдау көрсетіледі» дейді компаниядан.