«Автоспорт» журналы Риккьярдоны жылдың үздік автошабандозы деп жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Autosport журналы «Ред Булл» командасының автошабандозы Даниэль Риккьярдоны «Формула-1» бойынша 2016 жылғы үздік спортшы деп жариялады. Бұл туралы басылымның ресми сайтында хабарланды.

Өткен маусымда австралиялық спортшы бір жарыста жеңіске жетіп, «Формула-1»  чемпионатының қорытындысы бойынша үшінші орынға табан тіреді.

Рейтингте екінші орынды аталған чемпионатта 10 рет жеңіске жеткен британдық Льюис Хэмилтон иеленді. Журнал нұсқасы бойынша үшінші орынды маусым барысында командадағы ресейлік Даниил Квяттың орнын алмастырған «Ред Булл» шабандозы голландиялық Макс Ферстаппен иеленді.