"АвтоВАЗ" "Ладаға" бағаны көтерді

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Волжск автозауыты 26 қаңтардан бастап өз автомобильдерінің бөлшек саудадағы бағасын көтеретіні туралы хабарлады.

Отбасылық машиналар Lada Kalina мен Lada Priora 3 пайызға қымбаттап, "Самаралар" 5,3 пайызға, "жетіліктер" 6,3 пайызға, жол таңдамайтын Lada 4×4 5,6 пайызға қымбаттайды. Орта есеппен алғанда модельдік рет бойынша автомобильдер бағасы 4 пайызға көтеріліп отыр. Бұл туралы "Лента.ру" хабарлады.

"АвтоВАЗдың" өнімдеріне бағаның өсуі "Лада" (Kalina, Samara және 4×4) өндірісінің жұмысын бастауымен байланысты болып отыр. Мұнда газ басқыштарының қозғалтқышы электрленген. Сондықтан осындағы жинақтаушы жабдықтар түріне электр энергиясы тарифтерінің айтарлықтай өсуі осындай қымбатшылыққа жол ашуда.

Волжск автомобиль зауыты өкілдерінің нақтылауынша, автомобиль бағасының өсуіне темірге, құрышқа бағаның 30 пайыз өсуі қосылған жоқ көрінеді. Бұл туралы «Северсталь» компаниясы өткен жылдың аяғында ескерткен болатын.