Талқылауға Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшылығы және мердігер ұйымының өкілдері қатысты.
«Орталық — Батыс» жобасын іске асыру, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, «Орталық — Батыс» жобасы бойынша жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, жер учаскелерін қаржыландыру, бөлу мәселелерін қоса алғанда, оны іске асырудың ағымдағы жағдайы қаралды.
Автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Жұмыс сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы, ведомствоаралық шешімді талап ететін мәселелер талқыланды.
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде жол ұйымдарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындығы пысықталды. Қажетті техникамен, тайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге және қыс мезгілінде қауіпсіз, үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге әзірлікке ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға проблемалық мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын сапалы жүзеге асыру, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетелік ҚазАвтоЖол жолдардағы жаңа «ақылды» камералардың не үшін орнатылып жатқанын түсіндірген еді.