Аягөз қаласының тұрғыны көшеден оқ-дәрі тауып алған

Фото: Абай облысы ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM — 3 қыркүйек күні Абай облысы Аягөз қаласында полиция қызметкерлері күдікті зат табылғаннан кейін аумақты қоршап, тұрғын үйден адамдарды эвакуациялады. 

Алдын ала деректер бойынша, 70 жастағы жергілікті тұрғын темір затты байқап, ол сыртқы пішіні бойынша снарядқа ұқсас болғандықтан, дереу «102» арнасына хабарласқан.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, ІІМ арнайы бөлімдерінің саперлері және ТЖД мамандары жедел жетті.

— Зерттеу нәтижесінде табылған заттың қауіп төндірмейтіні анықталды. Бұл пайдаланылған кассеталық мина болып шықты, ол жарылыс қаупін тудырмайды, — делінген Абай облысы ПД хабарламасында.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Акт бойынша зат «Восток» РКҚ бөлімшесіне кәдеге жарату үшін тапсырылды. 

Айта кетелік Семейге үш күнде бір айлық жауын жауып, тұрғындарды әбігерге салып еді