Қылмыстық іс материалына сай, Т., өзінің ұялы телефоны арқылы «ШҚО Аягөз атыс» деген жалған атаумен белгісіз атыс бейнежазбаны «YouTube» желісіндегі жеке каналына салған. Бейнежазба халық арасында психоэмоционалдық, ақпараттық-психологиялық дүрліктіру және қоғамға қауіп тудырған.
Сот Т-ны Қылмыстық Кодекстің 274-бабы, 2-бөлігі, 3-тармақшасымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кiнәлi деп танып, оған осы баппен екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.