Аягөз-Қарағанды бағытының 528-704 шақырымында, Аягөз-Қайнар бағытының 0-144 шақырымында барлық көліктер үшін жол жабық. Аягөз қаласының өзінде су алған үйлердің нақты саны әлі анықталған жоқ.
«Барлық жауапты қызмет өкілдері аудан орталығында жүрміз. Әзірге зардап шеккен үйлер туралы нақты ақпарат айтуға ерте. Көрші аудандардан қосымша техника мен жасақтар көмекке шықты. Қазіргі таңда адамдарды қауіпсіз жерге көшірумен әуреленіп жатырмыз» - дейді аудандық төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Жанат Тәңірбергенұлы.
Ал әлеуметтік желіге тараған видеоларда қаланың Жаңауыл аталатын бөлігінде қарғын судың деңгейі көпірмен теңескенін хабарлауда. Тағы бір видеода қала ортасындағы жер үйдің құлап қалғанын айтылады.
Күршім, Ұлан, Аягөз аудандарымен бірге Глубокое ауданының да су жайылған елді мекендерінде төтенше жағдай мамандары жұмыс істеуде.