Шыңқожа батыр атындағы орта мектепті 2003 жылы аяқтаған түлектер шынымен сауапты іс бітірді. Игі іске мұрындық болған - мектеп түлегі Мадияр Слямжарұлы Бендебаев.
Кіндік қаның тамған топырақты қастерлеу - ұлттық санамыздағы қастерлі ұғым. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын.