Небәрі үш күннің ішінде роликті 3, 5 миллион адам көрген.
Әлгі азамат бірнеше минут бойы жәшікті итереді, бірақ аяғы тайғанақтап кері кетеді. Енді бірде сүйретпекке амал жасайды, мұз оған да мұрша бермей қайта сырғиды. Дегенмен оның еңбегі еш кеткен жоқ. Әупірімдеп жүріп оған қоқыс салынған ыдысты ауладан шығарудың сәті түсті.