«Фордқа аяғына ота жасау қажет, одан кейін оған гипс салынады, деп жазады басылым. - Ал «Жұлдызды соғыс» кино эпопеясының жаңа жетінші түсірілімі жалғаса бермек, тек актер толықтай сауығып, гипсты шешкенге дейін беліне дейін ғана түсіріледі».
Харрисон Форд өткен бейсенбіде Лондондағы Pinewood түсірілім алаңында жарақаттанып қалған болатын. Оның аяғына декорацияның бір бөлігі - «Мыңжылдық Қыран» ғарыш кемесінің есігі құлап кетті.