Аяғы жоқ жігіт кроссфит бойынша бапкер (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зак Рул аяғындағы сүйектері өте әлсіз, сынғыш болып дүниеге келген. Дәрігерлер оның өмірін құтқару үшін аяқтарын кесуге мәжбүр болды.

Бұған қарамастан, Зак алдымен бодибилдингпен, ал кейін кроссфитпен шұғылдана бастады. Қазір Зак 26 жаста, ол мүмкіндігі шектеулі өзге адамдарды да спортқа тартып және оларды жаттықтырып жатыр, деп жазады billionnews.ru..

КроссФит - компания және жаттықтыру әдісі. Оны Грег Глассман мен Лорен Дженай 2000 жылы құрастырды. Грег Глассман, бұрынғы гимнаст, 20 жылдан астам жаттықтырудың өзіндік бағдарламасын құрастырды. Ол 2001 жылы Калифорнияда (АҚШ) кроссфитпен шұғылдануға арналған зал ашты.