Стацман екі қолсыз дүниеге келген, бірақ бұл әлемдегі ең үздік садақшы болуға кедергі келтірмеді. Ол үйленген және екі баланың әкесі. «Өмірдегі сәтсіздіктің қаншалықты қиын екені маңызды емес, адам баласы бәрін де еңсереді», - дейді садақшы.
Ол садақ ату бойынша АҚШ паралимпиада құрамасының мүшесі, тіпті 2015 жылы ең ұзақ қашықтықтағы нысанаға дәл тигізгені үшін Гиннестің әлемдік рекордын орнатқан.
Стацманның өмірі видеохостинг қолданушыларын таң қалдырды, оның табандылығы мен өмірге құштарлығына тәнті болды. «Мен бұл видеоны міндетті түрде өз балаларыма көрсетемін, егер бір нәрсені жасау қиын деп ойласаңдар, мына жігітті еске алыңдар деп айтамын», - деп жазды қолданушылардың бірі.