«Аякса» футболшысы ойын кезінде есінен танып қалды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердамдық «Аякса» клубының жартылай қорғаушысы Абделхак Нури «Вердером» (Бремен) командасына қарсы ойын кезінде есінен танып, құлады деп хабарлайды Lenta.ru.

Футболшының денсаулығы ойынның 72-ші минутында сыр беріп, құлап түсті. Оған бірден көмекке келген медициналық бригада, оны алаңнан тікұшақпен емханаға алып кетті.

Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағандығыны, спортшының қалыпты күйге келгендігін айтуда.