Аяқтары жоқ ит протездің көмегімен жүгіріп кетті (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландта аяқтары жоқ ит протездің көмегінің арқасында төрт аяғымен қайта жүре бастады.

Кола деп ат қойылған ит көршінің аяғынан қапқан, бұған қатты ашуланған ол семсермен алдыңғы екі аяғын қиып тастады.

 Бұл оқиға әлеуметтік желінде қоғамдық пікір туғызып, кеңінен талқыланды. Осыдан соң желі пайдаланушылары жануарды емдеуге қаржы жинай бастады.