"Аяла" қайырымдылық қоры Алматыда балаларға арналған жаңа ойын алаңын сыйлады

АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы №4 соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатта жаңа ойын алаңқайы ашылды. Оны салуға жұмсалған қаржыны «АЯЛА» қайырымдылық қоры достары клубы берген.

Атап айтқанда оның басым бөлігі «Мамамия», «Ciao Pizza» мейрамханалар желісінде орнатылған жәрдем құтысында жиналды. Сондай-ақ «Biz-Ber» компаниясы мен «Gloria Inc.» туристтік агенттігі де бұл шараға өз үлесін қосып, көгалдандыру дизайнері Валентин Елсуков алаңқайға орнатылған гүлзарларды тегін берген. Онда балалардың ойын алаңқайларына қоса, ойын кешеніне кіретін әткеншектер, үй және де басқа жабдықтар орналасқан интернат алаңы да қоршалған. Оның ашылу рәсімі мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің концертімен басталып, «Мамамия» және «Ciao Pizza» мейрамханалар желісі тарапынан берілетін мерекелік асқа ұласуда.