«Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы балалардың «Новая волна-2014» байқауына жолдама алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы балалардың «Новая волна-2014» байқауына жолдама алады, деп жазады astana.gov.kz.

Елорда күніне кішкентай балақайлардың да қосары бар. Жастайынан жарқылдаған бүлдіршіндердің көкейінде елдің атын шығарып, танымал жұлдыз болсақ деген ақ үрпек армандары да жоқ емес. Періште көңілдің алдамшы болмайтынына да сенеді.

Өнерлі отбасында дүниеге келген Мұхамедәли Жүгінісовтың өзге мамандықты таңдауы мүмкін де емес еді. Ол алдымен ата-ана, одан кейін Рүстем мен Мирастай ағаларының қолдауымен талай белесті бағындырып та жүр. Ал Астана күні қарсаңында өтетін «Аялаған Астана» байқауы тағы бір өнер шыңынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазір ол ресейлік мамандардан дәріс алып, өнер сайысына жан-жақты дайындалуда.

Екінші рет ұйымдастырылған байқауда әр баланың жасына қарай ән таңдалған. Қазылар байқаудың үш күнінде бойы екі айғы дайындықтың нәтижесін шығармақ.

Айта кету керек, байқау жеңімпазы балаларға арналған «Новая волна» байқауында ел намысын қорғайды