Отандасымыз жарыс жолын 00:54:05 уақыт көрсеткішімен аяқтап, мәреге бірінші болып жетті.
Екінші орынды Тео Матри иеленді — 00:54:08. Ал үздік үштікті чехиялық Радим Гребик түйіндеді — 00:54:09.
Егор Крупяков сегізінші орын алса, Дарын Қонысбаев 11-орынға тұрақтады. Темірлан Теміров 14-ші, Рамазан Айнегов 18-ші, Максим Шмулич 21-ші, Арлан Жаңабай 24-ші, Александр Тен 25-ші, Елмұрт Қанай 30-шы, Данил Породнов 33-ші, Александр Автушко 34-ші, Әлинәби Марабеков 35-ші және Илья Крупяков 36-шы нәтиже көрсетті.
Бұған дейін триатлоннан Қазақстан құрамасының Азия кубогының кезеңіне қатысатын құрамы жарияланғанын жазған едік.