Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогында топ жарды
22:41, 28 Қыркүйек 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогына қатысып, елге жеңіспен оралды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Зимбабвенің Ньянга қаласында өткен бәсекеде Аян Elite санатында жеңімпаз атанды. Ол спринтерлік қашықтықты 1:01:18 уақыт көрсеткішінде аяқтаған.
Күміс және қола медальді Марокко елінің өкілдері Жавад Абделмолла мен Бадр Сиване еншіледі.
Әйелдер арасында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаған Ханна Ньюманның мерейі үстем болды.