Аян Бейсенбаев триатлоннан Азия кубогында «қола» алды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев Седжон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен Азия кубогында үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол «элита» санатындағы спортшылар арасында қола медаль жеңіп алды.


Мәреге бірінші болып жапондық Ясуматсу Аоба келді. Екінші орын Сато Ренге (Жапония) бұйырды.