АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.
Аталған бәсекеде 77 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Жұмағали Аянат сенімді түрде жеңіске жетті. Жұмағали Аянаттың нәтижелері:
Жұлқа көтеру - 104 кг
Серпе көтеру - 133 кг
Қос сайыс қорытындысы - 237 кг
Осыған дейін Аянат Жұмағали Азия чемпионы атанғаны туралы жазған едік.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.