Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшы 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.
Аянат қоссайыстың қорытындысы бойынша 217 (95 122) келіні еңсеріп, жастар арасындағы бәсекеде қола жүлдені еншісіне жазды.
Бұл турнирде Оңтүстік Корея өкілі Хисо Джун жеңіс тұғырына көтерілді. Оның нәтижесі – 230 (102 128) келі. Жүлделі екінші орын өзбекстандық Гульшодахон Дадамирзаеваға бұйырды – 218 (96 122) келі.
Еске салсақ, бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебековтің Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізгенін хабарлаған едік.