8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кazinform бұл туралы «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Еске салайық, 7 желтоқсан күні, сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.