Жылу беру орталығының тоқтаусыз қызметіне жауап беретін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жылу құрылғысы бір тәуліктің ішінде жөнделіп, бүгін кешке дейін іске қосылмақшы.
«ЖЭО-2 жұмыс істеп тұр. Қаланы жылуды 4 қазандық қамтамасыз етеді. 22 қаңтар күні кешке дейін №2 қазандық іске қосылады, ол 21 қаңтарда жөндеуге жабылған. Осыған байланысты жылудың жетіспеушілігі 10 градусты құрады. Алдағы тәулікте температура қалыпты жағдайға қайта келеді»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.