Білім басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Көкпекті ауданында аяз күшейіп тұр. Ауа температурасы 34 градус нөлден төмен болған. Бүгін бұл жерде 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Зырян ауданында аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптардың сабағы тоқтатылды. Термометр бағаны Зырянда -33 градусқа дейін төмендеген.
Қатонқарағай ауданында ауа температурасы -31 градус болғандықтан, бірінші ауысымның 1-4 сыныптарына сабақ болмайды. Сондай-ақ, Күршім және Тарбағатай аудандарында да бірінші ауысымның сабақтары тоқтатылған.