ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 15 желтоқсанда сағат 21.00-ден бастап республикалық маңызы бар 2 тасжолда қоғамдық көліктердің және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынады.
«Атап айтқанда, «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102 шақырымында, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында шектеу енгізілді», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ дәл осындай көлік түрлеріне облыстық маңызы бар «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-54 шақырымында сағат 19.00-ден бастап қозғалысқа тыйым салынады.